Ұлттық музейде профессор Нұрлан Батпеновты еске алуға арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде профессор Нұрлан Батпеновты еске алуға арналған көрме ашылды

04.09.2020

Ұлттық мұражайда коронавирустан көз жұмған академик, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Батпеновты еске алуға арналған көрме ашылды. Онда профессордың наградалары, жеке заттары мен суреттері қойылған.

Ол төсекке таңылған талай науқасты аяғынан тұрғызған бірегей ортопед-травмотолог еді. Ауруы асқынып, жылдар бойы жүре алмай қалғандарды өзі ойлап тапқан емдеу әдісімен жазып шықты. Бір ғана эндопротез әдісі қазір көптеген елдерде кең қолданылады. Жетістіктерін әлемнің ғылыми қауымдастығы әуелде мойындап қойған. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері де атанды. Өзінің тікелей міндетінен бөлек, Нұрлан Батпенов елге коронавирус келген күннен қауіп-қатердің ортасында болды. Өзгені құтқарамын деп жүріп, өзі сырқаттанып, 71 жасында көз жұмды.  

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры:

- Өз міндетіне жауапкершілікпен қараған ақ халатты абзал жан, қолы алтын дәрігер болатын. Ол саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған еді. 

Хабарламаларға жазылу