Президент Жолдауы: Қоғам белсенділері не дейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауы: Қоғам белсенділері не дейді?

03.09.2020

Президент Жолдауының әр тарауы жан-жақты талқыланып жатыр. Әсіресе, көпшілік білім беру саласының сапасын арттыра отырып, барлық бағытты ғылымға негіздеу керектігіне екпін беруде. «Сөйтсе әлеумет те әлденеді, экомика да табысты болады», - дейді ғалымдар.   

Тахир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:

- Дипломдарды басып бере салатын ЖОО-лар туралы ерекше айтылды. Шындығында ондай ЖОО-ға білім беру кеңістігінде орын болмауы керек. Сол себепті бақылау жүйесі, одан әрі шара қолдану жүйесі дұрыс жұмыс істеу керек.

Рахман Алшанов, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- 150 мың тонна сырттан тауық етін әкелеміз. Өзімізде бәрі бар ғой. Неге сол кәсіпорындарды ашпайды?

Мейрамбек Беспаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Әсіресе, ЭКО мәселесі маған ұнады. Ұланғайыр жеріміз бар. Бірақ халықтың саны өспей жатқан сияқты. Соған көңіл бөлген ұнады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу