Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейіп кетті

03.09.2020

Елімізде коронавирустық пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейіп кетті. Мәселен, алдыңғы күні бар-жоғы 27 адам инфекция жұқтырса, кеше 571 адам індет құрығына іліккен. Ал үш өңірде эпидахуал керісінше жақсарып келеді. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 1 тамыздан бері 26 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған. Оның 301-і қайтыс болған.  

Хабарламаларға жазылу