«Қоғамдық бақылау» санитарлық талаптың орындалуын қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қоғамдық бақылау» санитарлық талаптың орындалуын қадағалайды

03.09.2020

Алматыдағы ірі сауда орындары мен базарларға «Қоғамдық бақылау» ұйымының өкілдері мониторинг жүргізді. Қаладағы ірі сауда орындарының бірі Көк базарды аралап көрген мамандар бірқатар жайттарды анықтады.. Бұған дейін карантин ережелерін елемегені үшін бұл базарға 620 айлықесептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Тіпті, жұмысы бір айға тоқтатылған еді. 

Жалпы, «Қоғамдық бақылаудың» өкілдері сауда орындарына ескертіп, сонымен қатар «құпия сатып алушы» ретінде де барады. Заңбұзушылықтар анықталса, хаттама толтырып, құзырлы мекемелерге жолдайды. Олар бүгінге дейін республика бойынша санитарлықталапты бұзған 15 факті тіркеген. 

Хабарламаларға жазылу