Көлеңкелі экономикамен күрес күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлеңкелі экономикамен күрес күшейеді

04.09.2020

Елімізде көлеңкелі экономикаға қарсы күрес күшейеді. Қаржы министрі ол үшін арнайы жоспар іске қосылатынын айтты. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, кедендік және салықтың әкімшілендіру жұмыстары толықтай электронды форматқа көшіріліп, тауарларды бақылаудың Ұлттық жүйесі әзірленбек. Әрі экономикалық серіктестік және даму ұйымына мүше мемлекеттер биыл бірінші рет заңды және жеке тұлғалардың есепшоттары жайлы мәлімет алмаспақ. «Бұл көлеңкедегі қаржыны шығаруға септігін тигізеді», - дейді министр. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы заң әзірленіп жатыр. 

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- Квазимемлекеттік субъектілердің сатып алуларына қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту. Және де заңбұзушылық болса, әкімшілік жазаны орнату. Және сатып алудың барлық рәсімін 100 пайыз электронды форматқа көшіру.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу