Ливан астанасы Бейрутте бір ай бұрын болған жарылыстан кейін үйінді астында әлі де тірі жан болуы мүмкін. Құтқарушылар құлаған ғимарат арасынан адамның даусын естіп, арнайы құрылғымен оның жүрек қағысын сезген. Әзірге адамның бар-жоғы нақты анықталмады. Оқиға орнында іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, теңіз портынан тағы 4,3 тонна аммиак селитрасы анықталған.
Естеріңізге сала кетсек, тамыздың 4-інде қаладағы қоймалардың бірінде дәл осы химиялық заттың 2750 тоннасы жарылған еді. Соның салдарынан 190 адам қаза тауып, 6 мыңдайы жараланды. Тағы ондаған тұрғын жоғалғандар санатында.
Жансая Қапасқызы