Бүгін Қарағанды маңында күштілігі 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Магнитуданың анық сезілісі Астана уақыты бойынша 12.30-да Қарағандыдан 30 шақырым қашықтықтағы Абай қаласының маңында болды.
Жер дүмпуінің тереңдігі – 40 шақырымға дейін жеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тез арада облыстың бар аумағындағы жағдайды анықтауға кірісіп кетті. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ