Алматы қаласында және Қостанай облысында демалыс күндері шектеу енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында және Қостанай облысында демалыс күндері шектеу енгізіледі

04.09.2020

Алдағы демалыс күндері Алматы қаласында және Қостанай облысында кей шектеу шаралары қайта енгізіледі. Облыстың бас санитарлы дәрігерінің қаулысына сай, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалардан бөлек, сауда үйлері, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқталуы тиіс. Сондай-ақ жабық базарлар, сән салондары, шаштараздар мен косметологиялық қызмет көрсететін SPA-орталықтар мен спорттық-сауықтыру нысандары, бассейндер мен тренажерлық залдар, даладағы аттракциондардың қызметіне рұқсат жоқ. 

Құзырлы органдар карантин талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал Алматы қаласында метро, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.  

Хабарламаларға жазылу