Павлодардағы ауруханаларда томография аппараттары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы ауруханаларда томография аппараттары жоқ

04.09.2020

Павлодар қаласындағы бірнеше ауруханада томография аппараттары мүлдем жоқ. Барлары істен шыққан. Облыс тұрғындарының шағымын ескеріп, бүгін аймақтағы медициналық мекемелерге мониторинг жасау үшін республикалық қоғамдық бақылау үйлестірушісі арнайы барды. Расында Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада компьютерлік томография аппараты істен шыққан. 

Ал магниттік-резонанстық томография мүлдем жоқ. Бірінші қалалық ауруханада да компьтерлік томография өткен жылдан бастап істемей тұр екен. Кардиологиялық орталықта да осындай жағдай. 

Вера Ким, Республикалық қоғамдық бақылау үйлестірушісі:

- Менің Павлодарға келу себебім, қоғамдық бақылаудың телеграмм желісіне облыс тұрғындары медициналық мекемелерге тексеріс жүргізуімізді өтінді. Айтуларынша, ауруханаларда магниттік-розананстық томография мен компьютерлік томография жұмыс істемейді.

Хабарламаларға жазылу