Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілген

04.09.2020

Онлайн сабақта көрсетілген порнографиялық видеоға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті іс қозғады. Әдепсіз материалдың ZOOM-да тарағаны жайлы қала тұрғыны шағымданған еді. Оқиға онлайн жүйеге араласушылардың кінәсінен болған. Бөтен біреу эфирге сілтеме жіберіп, әзілдегісі келген. Аталмыш видеоны 5-сыныптың 14 оқушысы көріп үлгерген. Білім және ғылым министрлігі балаларға стриминг жүйелерді қолдану мәдениетін түсіндіруді ескертті. «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы дағдының жетіспеуі осындай келеңсіздіктерге себеп болады»,- дейді мамандар. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу