Бүгін Қарағанды маңында күштілігі 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Астана уақыты бойынша күндізгі сағат 12.30-да Қарағандыдан 30 шақырым қашықтықтағы Абай қаласының маңында болды.
Жер дүмпуінің тереңдігі 40 шақырымға дейін жеткен.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері тез арада облыстың бар аумағындағы жағдайды анықтауға кірісіп кетті.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қуаныш Мүтәлләпов, Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
Барлық шахталар тексерілуде. Барлық шахталардан ақпарат алынуда. Қазір тұрғындарға айтқымыз келетіні, сабырлық сақтаса екен. Себебі, тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Анық-қанығын жеткіземіз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ