Қазақ тойына өзгеріс керек пе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тойына өзгеріс керек пе?

05.09.2020

Кез келген салаға өзгеріс енгізу үшін алдымен реформа жасау керек. Оның ішінде алғышарттар, өзгерістің себептері мен салдары, есебі бәрі қамтылады. Реформаның бірі эволюциялық жолмен, бірі революциялық жолмен жүзеге асады. Осы тұрғыда қазақтың тойына өзгеріс енгізу керек деген сөздің айтылғанына көп болды. Оны тойшыл қауым емес, есінеп болып ес жиятын шенеуніктер де жиі еске салып жүр. «Той десе, қу бас домалайды» деген тәмсілге сүйеніп, той үшін алынған қарыз бен несиенің салдарынан қанша қу бастың домалап қалғанын Құдай біледі. Көрші өзбек жұртындағыдай, шақырылатын қонақ санына, берілетін сыйлықтың көлеміне шектеу болса деген ұсыныс та бар. Бірақ мұның бәрі сөз жүзінде қалып отыр. Иә, біз «жиғаныңды тойға шаш» дейтін мәтелдерді алып қолдануға шебер боп алдық. Бұл бір тарап. Екінші жақ, қазақ қоғамы «шашпа, ақшаның есебін білмей белшеден қарызға батады» деп сөгеді. Алдымен соларға айтайын, шашпаның көкесі мыналар. 20 жасында Саид Гуцериев пен Хадижа Ушакова отау құрды. Үйленді. Ата-аналарының көңіліне қарамай, қиғылық салып жүріп тойларына Бейонсе мен сэр Элтон Джонды шақыртты. Қалыңдықтың көйлегінің өзі 1 миллион доллар тұрады. Не деген көйлек анау? Хадижаның той көйлегіне талай адамның арманын орындап, тауысып тастауға болады негізі. Хош, жалпы жобасы бұл жұптың тойына 1 миллиард доллар жұмсалған. Ең қымбаты осы енді. Бұл сапқа Парижде той жасаған Ваниш Миттал мен Анит Бхатианы қосуға болады. Шашпалардың көкесі осы екеуі. Шампан шарабының өзіне 1,5 миллион доллар жұмсапты, Эйфель мұнарасынан арнайы осы тойға атылған от шашуға 60 миллион доллар төлепті. Желге ұшқан ақша деген осы, әне. Бұдан соң қазақты тойға барын шашады деп көріңіз. Бұл сарказм. Өйткені аты аталғандардың бәрі асарын асап, жасарын жасап ақшасының есебінен жаңылған бай отбасының өкілдері. Мұндайда біздің халық «көрпеңе қарай көсіл» дейді. Мына қызықты қараңыз, бізде көрпесіне қарамай көсілетіндердің сапында тек той жасаушылар емес, соған алқынып баратындар бар екен. Оған бізде той тоқтағалы тойынғандардың санының кемігені куә.

Өмірқұл Айниязов, әнші:

- Мензерттеп көрдім, жас әншілерге қиын болып жатыр. Жасыратын түгі жоқ, көбі машина алған, үй алған, той болып тұрғанда соған сеніп, кредитке алып алғандар. Қазір қарыздарын төлей алмай жүргендерін көп балалардан естіп жүрміз. 

Ештеңе етпейді, бір қолына ұстаған микрофонын тастап екі қолға бір күрек іздесе табылады. Ән айтқаны бақадай шулап, билегені балықтай тулаған заманның бір кетері анық еді. Соған да таяп қалды-ау өзі. Хош, COVID келмеске кеткенде қазақтың қуанышы қайтадан жариялы түрде тойлана бастағанда не өзгеруі керек? Біз не нәрсеге дайын болуымыз шарт? Азамат Бейбітұлы айтады.

Хабарламаларға жазылу