Нұр-Сұлтан қаласы мен 6 облыста дауылды ескерту жасалды. Бүгін Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысында да осындай қарқынмен соққан желден құмды боран болуы мүмкін.
Сондай-ақ синоптиктердің болжамы бойынша Павлодар, Түркістан, Қостанай, солтүстік қазақстан облыстарында да қатты жел соғады. Дегенмен «Қазгидрометтің» мамандары 8-10 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде күн жылынады деп отыр.
Оңғар Алпысбайұлы