Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн санап азайып келеді. Кеше елімізде 60 адам COVID-19 дертін жұқтырған. Ресми дерек бойынша, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 134 мыңнан астам адамның жұқпалы ауруды жұқтырғаны расталған. Оның 105 мыңнан астамы жазылып шықса, 1902 адам қайтыс болды.