Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

07.09.2020

Қайтадан құрылатын Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамында 25 мыңға жуық адам қызмет етеді. Қазір олардың тізімі нақтыланып, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар бөлініп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы бір айдың ішінде аяқталады. Бүгін Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Онда саланы реформалау барысы талқыланды. Министр учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесі заңмен бекітіліп, автокөлікпен, фото-видео бақылау құрылғыларымен, электронды планшеттермен қамтамасыз етілетінін айтты. 




Хабарламаларға жазылу