Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе егу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе егу басталды

08.09.2020

Елордада тұмауға қарсы екпе егу басталды. Денсаулық сақтау басқармасы вакцинациялау үшін 110 мыңнан астам доза вакцина сатып алған. Ол үшін тіркелген емханаға барса жеткілікті. Тұмауға қарсы екпені қарсы көрсеткіші бар адамдарға егілмейді. Қазіргідей коронавирустық жағдай кезінде денсаулықты нашарлатып алмау үшін мамандар екпені уақытылы қабылдау керектігін айтады. Себебі бұл жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алу арқылы антидене қалыптастырады. Тұрғындардың белгілі бір санаты кепілдендірілген медициналық көмек негізінде екпені тегін салдырады.  

Азамат Байбалаев, № 6 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:

 - Мектеп жасындағы балалар, 65 жастан асқан қарт кісілер, созылмалы ауруы бар науқастар екпе алуы керек. 

Ал сарапшылар үш аптадан соң коронавирус қайтадан өршуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Сол себепті көпшілік профилактикалық шараларды ескергені жөн. 

Раушан Сайлауқызы 

Хабарламаларға жазылу