Учаскелік полицейлердің іс-әрекетінен заңсыздық анықталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Учаскелік полицейлердің іс-әрекетінен заңсыздық анықталмады

08.09.2020

«Түркістандық полицейлердің былығы». Осындай тақырыппен әлеуметтік желіге тараған жазба учаскелік инспектордың бұзақылық іске байланысты әрекетсіздігін көрсетті. Жеке кәсіпкер Түркістан қалалық полиция басқармасына жалға алған үй-жайының терезесіне әлдекімдердің бірнеше дана арматураны лақтырып, қашып кеткені айтып арызданған. Алайда іс созбалаңға салынып кеткен соң жәбірленуші бірнеше блогермен учаскелік полиция инспекторының қызмет орнына барған. Алайда олардың берген сауалдарына тәртіп сақшысы қырсығып жауап бермеген. Әрі қызметтік куәлігін көрсетуден де бас тартқаны бейнетаспаға түсірілген. Осы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп, полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер жасалмағанын анықтады.

Салтанат Қаракөзова Түркістан облысы Полиция басқармасының баспасөз хатшысы:

- Құқық қорғау туралы заңның 14-бабына сәйкес тәкелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа полиция қызметіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Ал учаскелік инспектордың өзін таныстырмай және қызметтік куәлігін көрсетпеу бойынша өзіндік қауіпсіздік қызметімен тексеру жалғасуда.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу