Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындар салық төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алатындар салық төлейді

08.09.2020

Тұрғындар зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алатын болса 10% салық төлейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, жинақтан берілетін төлемдерге жеке табыс салығы салынады.

Бұл ретте, жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы. 

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу