Әлемде мұнай бағасы арзандап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі маусымнан бері алғаш рет 40 доллардан түсіп кетті. Ал америкалық сұрыптың нарқы 8 пайызға құнсызданып, 36 доллар 52 центке сатылды. Бірқатар сарапшының ойынша, көмірсутегі бағасының түсуіне Үндістанда, Ұлыбританияда, Испанияда және АҚШ-тың бірнеше аймағында коронавирус жұқтыру оқиғаларының қайта көбеюі себеп. Пандемия тағы күшейсе, дүниежүзінде энергетикалық отынға сұраныс азаяды деген қауіп бар.
Арыстан Рысбек