Өскеменде әкімдік қызметкерлері карантин кезінде жаппай іс-шара ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар тамыз айында бейнеэстафета түрінде Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдаған болатын. Шенеуніктер маска режимі мен әлеуметтік қашықтық талаптарын сақтаса да, осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы 320 мың теңгеден айыппұл төледі.
Бағлан Тауанова, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
- Жауапқа тартылған лауазымды тұлғалар, яғни Өскемен қаласы әкімнің әлеуметтік сала бойынша орынбасары және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, әрқайсысы 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын. Бір апта ішінде жедел төлеу мақсатында әрқайсысы 115 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төледі.
Берік Көшербай