Елордада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

09.09.2020

Жамбылдық шаруалардың өнімдері елордаға жол тартты. Облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан жүзге жуық шаруа өз тауарларын 10 көлікке тиеп жіберді. Олар 300 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін Нұр-Сұлтан қаласында саудаламақ. «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында демалыс күндері өтетін жәрмеңке базар бағасынан 10-20 пайыз арзанға түседі. 

Мәулен Сегізбаев, кәсіпкер:

- Жеке шаруа қожалықтардың өз өнімдерін ешқандай делдалсыз сатуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, алдағы таңда осындай жәрмеңкелер көп болса, тағы баруға тырысамыз.

Хабарламаларға жазылу