Арқалықтағы ет комбинатының шикізат тапшылығы мәселесі шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалықтағы ет комбинатының шикізат тапшылығы мәселесі шешіледі

09.09.2020

Арқалықтағы ет өңдеу комбинатының толық өндіріс қуатына шыға алмай жүргеніне екі жылға жуықтады. Бұған шикізаттың жетіспеушілігі себеп. Кәсіпорын бұл мәселені өз күшімен шешіп, мал бордақылау кешенін салуды ұйғарды. Нысанда бір мезгілде 5 мыңға жуық ірі қараны семіртуге мүмкіндік туады. Бұған қоса осында жылына 2,5 мыңдай асыл тұқымды мал басы өсірілмек. Құрама жем шығаратын арнайы цех те тұрғызылады. Қазір су, электр желісі тартылып жатыр. Кешен жыл соңында ашылады деп жоспарланған.

Руслан Құлетов, Арқалық қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қостанай облысының оңтүстік өңіріне қолайлы іс-шара. 40 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. Содан кейін былтыр ашылған ет комбинаты толықтай жұмысқа көшеді.


Хабарламаларға жазылу