Жаңа оқу жылының ұйымдастырылмаған түрде басталғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Оның сөзінше, оқу жылы басталмас бұрын үлкен дайындық жүргізілген. Бүгінде оқушылардың 73 пайызы қашықтан оқып жатыр. Штаттық режимде білім беріп жатқан мектептердің саны 3 мыңға жуықтайды. Жалпы, күніне 2 миллионнан аса сабақ өткізіледі. Министрлік өкілі платформаларда туындаған келеңсіздіктердер болмаса, қалғаны жүйелі түрде жоспарға сай жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, санитарлық жағдай жақсарған сайын мектептерді штаттық режимге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін де айтты.
Фариза Мұсақызы