Жамбыл облысында жедел жәрдем шақыртулары екі есе азайды. Індет өршіген көктем айларында шақыртулар саны тәулігіне 2 мыңға жеткен. Қазір ол көрсеткіш 1200 дейін қысқарды. Бүгінде өңірдің жедел жәрдем станцияларында 93 бригада жұмыс істеп жатыр. Оның 43-і – облыс орталығында. Оларға қосымша арнайы мамандандырылған мобильді топ көмектестуде.
Сәбит Әлдебай