Әзірге белгілісі, қолға түскен азамат бұған дейін де сотты болған. Сондай-ақ, полицейлер осы күні есірткі жинап пайда тапқысы келген тағы бір күдіктінің қолына кісен салды.
Меркі ауданы аумағындағы құмды аймақта есірткіге емін-еркін орақ салған ол алдыңғы азаматтан қалыспапты.
Дестеленген қарасораның салмағы - 940 келі. 26 жастағы жігіт Тараз қаласында тұратын болып шықты. Ол өзінің есірткіге тәуелді екендігін айтып, қарасораны тұтыну үшін жинағанын мойындаған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы
Екі оқиғаға байланысты да қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша қамау абақтысында отыр. Тергеу жүріп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ