Әлемде мұнай бағасы 40 доллардан төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы 40 доллардан төмендеді

11.09.2020

Әлемде мұнай бағасы төмендеуін бүгін де жалғастырды. Бұған бір жағынан пандемия кесірінен сұраныстың төмендеуі, екіншіден АҚШ-та отын қорының көбеюі себепші. 

Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы шикізаттың бір баррелінің құны 0,5 пайызға түсіп, 39 доллар 85 центке саудаланды. Ал, америкалық сұрып 0,3 пайызға арзандап, 37 доллар 19 центке сатылған. Айта кетсек, мұнайдың құнсыздануы ұлттық валютамызды біршама әлсіретіп, долларды кейбір айырбастау пунктерінде шамамен 428 теңгеге дейін күшейтіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу