Туристер тығырыққа тірелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристер тығырыққа тірелді

28.06.2014
Туристер тығырыққа тірелді
Жүзден астам қазақстандық турист Түркияның Бодрум қаласында қиындыққа тап болды. Отандастарымыз 26 маусым күні кешкісін елге қарай ұшу керек болатын.
 
Туристердің бірі әлеуметтік желіде техникалық ақауларға байланысты ұшу рейсі алдымен 27 маусымға, кейін 28 маусымға ауыстырылды деген ақпар қалдырған.
 
Біз бүгін демалушыларға саяхат ұйымдастырумен айналысатын «Гүлнар тур» компаниясының бас кеңсесімен телефон арқылы хабарластық.
 
Кеңседегілер барлық туристер «Sunday Аirlines» әуе компаниясының ұшақтарымен ертең таңертең елге оралатынын жеткізді.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу