Алматыда карантин алынғаннан кейін ауа қайта ластанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин алынғаннан кейін ауа қайта ластанды

11.09.2020

Мегаполисте карантин алынғаннан кейін ауа қайта ластанды. Елімізде төтенше жағдай жариялануына және карантин режимінің енгізілуіне байланысты қалада көлік саны азайған болатын. Осылайша, Алматыда ауаның ластануының негізгі себептерін анықтайтын ерекше мүмкіндік болды. Мамандар ауаға зиянды газ бөлетін негізгі үш факторды атап отыр. Олар өнеркәсіп орындары, көлік және жеке сектор. Экология департаментінің мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда соңғы айларда ауа айтарлықтай тазарған. Десе де, карантиннен соң баяғы қалпына қайта түскен. «Қазгидромет» қызметкерлері жүргізген мониторинг нәтижесінде тамыз айында шекті нормадан асып кетудің 83 оқиғасы тіркелсе, бұл көрсеткіш қыркүйек айының басында 200-ден асып кеткен.

Дінмұхамед Лесбеков, қалалық экология департаментінің инспекторы:

- Қазір карантин шарасы аяқталғаннан кейін қайтадан екіден бес есеге артып отыр. Автокөліктерден шығатын зиянды заттардың үлесі 60 пайызды құрап отыр.


Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу