Ауғанстандағы жер сілкінісінің әсері Қазақстанда да сезілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы жер сілкінісінің әсері Қазақстанда да сезілді

26.10.2015
Ауғанстанның солтүстік бөлігінде қуаты 7,7 балдық жер сілкінісі болды. BBC-дің таратқан мәліметтеріне қарағанда жер сілкінісінің әсерлері Пәкістанда, Үндістанда сезілген. Әзірге қираған құрылыстар мен зардап шеккендер туралы ақпараттар жоқ.

Пәкістандағы жер сілкінісінің әсері Қазақстанда да сезілді. Әлеуметітк желілердің қолданушылары мен бірқатар ақпарат құралдары Шымкент, Тараз қалаларында жер сілкінісі болғандығын хабарлады. Интернет қолданушылар Шымкенттке сезілген жер сілкінсінің қуаты шамамен 2-3 балл болуы мүмкін екендігін айтуда.
Kaznews

Хабарламаларға жазылу