Президенттің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына барған сапарына шолу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына барған сапарына шолу

13.09.2020

Аптада Президент Қ.Тоқаев Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына барған. Маңызды деталь – халық тығыз орналасқан аймақтардан халқы сирек солтүстік өңірлерге адам көшіру жобасы бойынша солай істеген тұрғындармен кездескені. Дәлірегі - осы жобаның аса маңызды екені. Бұл бағдарламаға ылғи тоқталып жүреміз – егер толыққанды және сапалы істелсе, өте жақсы, өте дұрыс стратегия. Геосаясат тұрғысынан, мемлекеттің тұтастығын сақтау тұрғысынан бастап, жұмыс таппай қиналған адамдардың әлеуметтік жағдайын жөндеу сияқты мәселелерге дейін. Айта кететіні, «неге қозғалдым екен?» деген өкінген адамдар да, «дұрыс болды» деп риза болып жүргендер де бар. Мемлекет басшысының жұмыс сапары жайлы Альбина Әшім баяндайды.  


Хабарламаларға жазылу