Көлікке қате есептелген салықты онлайн түзетуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлікке қате есептелген салықты онлайн түзетуге болады

14.09.2020

Көлікке қате есептелінген салықты үйден шықпай-ақ онлайн режимде түзетуге болады. Бұл үшін арнайы түзету қызметі бар. Бұл қызметті «Е – Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалануға болады немесе «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге мүмкіндік бар. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі. 

Еске салайық, жеке тұлғалар үшін көлік, мүлік пен жер салықтарына рақымшылық жарияланған. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Бүгінде рақымшылық мүмкіндіктерін 31 мыңнан аса азамат пайдаланып, 64 млн.теңгеден астам өсімпұлдары есептен шығарылды. Ең белсенді өңір рейтингінде Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап отыр.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу