Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын, Ғабит Мүсірепов және Тимирязев ауданындағы 4 елді мекенде үй құсы қырылып қалды. Оқиға бір мезгілде қыркүйектің 9-ы мен 11-і аралығында болған. Олардың ішкі ағзаларынан сынама алынып, Петропавлдағы ветеринарлық зертханада сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. 700-ге тарта құстың өлексесі өртелді. Қазір бұл жағдай облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тексеріс басталды. Жалпы, Ресейдің көршілес аймақтарында құс тұмауының өршуіне байланысты, теріскейде сақтық шаралары күшейтілген болатын. Тұрғындарға үй құстарын ауладан шығармау ескертілді.
Сағындық Сәбитұлы