Елорда дәрігерлері жұртты карантин талаптарын сақтауға шақырады. Әр адам өз жауапкершілігін сезінсе, індеттің бетін қайтаруға болады. Сол үшін қауіпті індетпен күресті әркім өзінен бастауы керек, - дейді ақ халаттылар.
Ерлан Әшірбаев, №2 көпбейінді қалалық ауруханасының дәрігері:
- Дәрілердің бәрі жеткізілген. Енді үрейге салмай, дер кезінде емханаға барып, емделетін болса, бұл індет жеңіл өтеді деген ойдамыз.
Альбина Досова, №2 көпбейінді қалалық ауруханасының аға мейіргері:
- Тазалық сақтап, қолымызды жиі жуып, бетперделерімізді уақытылы ауыстырып, адам көп шоғырланатын жерге жиі бармай, барлық карантин талаптарын орындаса екен деймін.
Мадина Жолдас