ҚКХП-ы баспана мәселесін шешуге бағытталған бастаманы қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚКХП-ы баспана мәселесін шешуге бағытталған бастаманы қолға алды

14.09.2020

Қазақстан коммунистік халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қамтудың жолын ұсынып отыр. Ол үшін оңтайлы бағдарлама әзірлеген. Оның басты тиімділігі – қаржыны үнемді жұмсап, көп мұқтажын өтеуге негізделген.

Бүгінде Сыр өңірінде 25 мыңға жуық жанұя тұрғын үй кезегінде тұр. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін үйлерді жылдап күтуге тура келеді. Жаңа баспана бағасы қымбат. Алғашқы қаржысын жинауға көпшіліктің жағдайы келмейді. Сондықтан коммунистік партия өкілдері тұрғын үйге мұқтаж жандарға бастапқы жарна сомасын төлемей, қолданыстағы үйлерді алуға мүмкіндік беру керек дейді. Осы ретте бастамашы топ арнайы бағдарлама әзірлеп, облыс әкімдігіне ұсыныс білдірген. 

Талғат Телеубаев, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» ҚОФ төрағасы:  

- Салынып жатқан үйлер жетіспейді. Сондықтан бағдарлама есебінде екінші кезектегі үйлерді банк арқылы, ол қайтарымды ақша болады. Төменгі пайызбен алса деген ұсыныс жасалып жатыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу