Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді. Алайда індет біржола жойылған жоқ. Дүйсенбі күні Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырған 65 адам тіркелді. Ал вирусты пневмонияға кеше 8 адамның шалдыққаны анықталған.
Өткен тәулікте пневмониядан 3 адам көз жұмды. Ресми дерекке сәйкес, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 136 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталған. Оның 127 мыңнан көбі жазылып шықса, 1965 адам қайтыс болды.
Шерхан Жамбылұлы