«Гарант 24 Ломбард» ісі: күдіктілердің мүлкі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гарант 24 Ломбард» ісі: күдіктілердің мүлкі тәркіленді

15.09.2020

17 мыңнан астам қазақстандықты алдап кеткен «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ» және «ЕSTATE Ломбард»-тың мүлкі тәркіленді. Алаяқтар қулық әрекеттерімен 22 млрд теңгені қалтасына басқан. Бұл мекеме басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден 70 млн теңге және 15 автокөлік, техника, 29 пәтер, 6 үй, 3 жер телімі, бір дәмхана кешені тәркіленді. Бұл нысандарды олар қылмыс жасаған уақытта сатып алған. Тәркіленген мүліктердің жалпы құны 2 млрд теңге.  

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- Қылмыстық іс бойынша 51 адам тергеліп жатыр. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу