«Қаланың үстінен ұшқан тікұшақ көрсеңдер, автоматпен атып түсіріңдер». Мұнымен қоймай дезинфекция шашып жүргендерді де соққыға жығу керек деген ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовті Алматы полициясы ұстап әкеткен. Бірақ артынша оны босатты. «Найман» лақап атымен танылған спортшының әлеуметтік желідегі бұл жазбасын мамандар зорлық-зомбылыққа үндеу деп отыр. Ал Қуат Хамитов әзілдегенін айтып ақталуда.
Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:
- Бұл тікелей заңбұзушылық. Және мұндай әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тек ІІМ ресми органдардың мәліметіне сенуге шақырады.
Нысаналы Ығыл