Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Көрсеткіш болжамды деңгейден асқан жоқ. Базалық мөлшерлеме 9 пайыз деңгейінде қалды. Елбасы қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді. Кездесуде төраға пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы мен елдің сауда-экономикалық серіктестеріне қатысты болжамдар таныстырылды.
Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады. Алик Шпекбаев «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазір мемлекеттік органдар бюджетінің ашықтығын арттыру бойынша шаралар қолға алынған. Бұған азаматтық қоғам белсене араласып жатыр.
Асима Нұрбайқызы