Онлайн оқыту кезінде мектеп оқушылары тегін интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Ақысыз орта біліммен қамтамасыз етілу әр оқушының конституциялық құқығы. Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деп Үкіметке сауал жолдады. Қазір қашықтан оқыту платформалары да сын көтермей тұр. Жұмыс істеу жылдамдықтары өте төмен. Депутат жаңа онлайн білім платформасын әзірлеген кезде осы мәселеге ерекше назар аударуды сұрады.
«Сондай-ақ шетелдік қосымшаларды пайдаланған кезде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жат бейнежазбалардың тарап кетпеуінің алдын алуға мән беру керек», - деді.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қашықтықтан оқыту шеңберінде азаматтардың тегін орта білім алуына конституциялық кепілдіктер қамтамасыз етілген бе? Қашықтықтан оқыту барысында келтірілген қосымша шығындарды өтеу/өтеп беру жоспарлануда ма?
Оңғар Алпысбайұлы