Елордада ТЖМ тексерген 106 мың үйдің 41 мыңындағы пештер талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ТЖМ тексерген 106 мың үйдің 41 мыңындағы пештер талапқа сай емес

17.09.2020

Тілсіз жаумен күрес далада ғана емес, қалада да өзекті. Әсіресе, жылыту маусымы жақындағанда қауіп үдей түседі. Суық түсе сала жұрттың пеш жағатыны белгілі. Бірақ тұрғындардың көбі қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Жақында ғана қайта құрылған Төтенше жағдайлар министрлігі 106 мыңдай үйді тексеріп шыққан. 41 мыңнан астамында талаптардың бұзылғаны анықталды. Сондықтан, тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  

Осындай олқылықтардың салдарынан былтырғы жылыту маусымы кезінде 5000 өрт болып, 222 адам қызыл жалынның құрбанына айналған.  Ал, алдыңғы қыста Елордадағы жер үйлердің бірінде тұтанған оттан бір отбасының 5 қызы мерт болған еді. Сондықтан, мамандар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауын сұрайды.


Амангелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу