Шығыс Қазақстанда дала өрті өршіп тұр. Өткен түнде Глубокое ауданының аумағындағы саяжайда 20 үй жанып кетті. Қатты желдің кесірінен қураған шөп пен ағашқа тиген жалын қаулап бас-аяғы 1 сағаттың ішінде 20 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге сол маңдағы темір жолдың техникасы көмекке келді. Қазір саяжайдағы кейбір үйлердің іргетасы ғана қалған. Қайта қалпына келтіруге жарамайды. Ауданда арнайы комиссия құрылып, шығын мөлшері нақтыланып жатыр.
Дмитрий Титов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазір өрт ошағы болған жерде арнайы зертхана мамандары жұмыс істеп жатыр. Оттың бастапқы тұтанған жерін нақты анықтайтын болады. Әзірше әр түрлі болжам бар.
Берік Көшербай