Бүгін қыркүйектің үшінші жексенбісі елімізде Аналар күні. Ана – өмірге әкелгеннен қорғаушың, жебеушің, тілекшің, жақсы мен жаманның, ақ пен қараның арасын, жалпы бұл дүниені түсіндіретін алғашқы ұстазың. Шартсыз сүю дегеннің не екенін ана арқылы ұғасың. Бұл мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің шарықтау шегі шығар. Қызылордадан Әділбек Серікұлының сюжеті.