Қате есептелген салықты модильді қосымша арқылы түзеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қате есептелген салықты модильді қосымша арқылы түзеуге болады

21.09.2020

Енді қазақстандықтар қате есептелген, меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін өздері түзете алады. Ол үшін e-Salyq мобильді қосымшасы жұмыс істейді.  

Мәселен, көлігіңізді сенімхат немесе келісімшарт арқылы сатып, сізге жыл сайынғы салық төлеу туралы хабарлама келсе, бұрынғыдай мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Ұялы телефонға қосымшаны көшіріп, көліктің басқа адамның басқаруына берілгенін дәлелдейтін құжат болса жеткілікті. 

Өтінішті төрт негізгі санат бойынша беруге болады: 

1. «Көлік маған тиесілі емес» - егер мәліметтер базасында иесіне тиесілі емес көлік құралы болса;

2. «Көлік туралы ақпаратты түзету» - бұл жерде көлік құралының санаты, қозғалтқыш мөлшерін, мемлекеттік нөмірін және тіркеу күнін;

3. «Көлік құралы базада жоқ» - егер атыңызда еш көлік құралы болмаған жағдайда;

4. «Көлік ұрланып кеткен» - атыңызға ұрланып кеткен көлігіңіздің салығы келсе, осы қосымшаның «Салық әмияны» бөлімінен өзгерте аласыз.

Айжан Бекеева, қалалық Кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Биылғы жылы Ішкі істер мәліметтеріне сәйкес 585 мыңнан астам салық төлеушілерге 12 миллиардқа жуық есептеулер жүргізілді. Осыған байланысты салық төлеушілер арасында наразылық көрсетіліп жатыр. e-Salyq мобильді қосымшасы бойынша түзетулер жүргізуге болады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу