Мемлекет басшысы тексеруге тыйым салынған компаниялардың тізімін өзгертті. Былтыр желтоқсан айынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу тоқтатылғаны белгілі. Мұндай шектеу жүрмейтін 11 нысан ерекшеленіп алынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен тексеруге тиым салынған нысандар қатары тағы толықты. Яғни, мораторий жарияланған компаниялардың тізімінен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері шығарылды.
Оңғар Алпысбайұлы