Шымкенттегі әскери бөлімнен қару ұрлағандар 10 жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі әскери бөлімнен қару ұрлағандар 10 жылға сотталуы мүмкін

21.09.2020

Түркістан облысында әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталған екеу 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушылар осындай жаза сұрады. Прокурор осы іске қатысы бар өзге азаматтар қылмыстық іс әрекеті үшін 8 жылға қамалуы керек деп есептейді. Айыпталушылар қатарындағы 7 адамның әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ. Олар қару-жарақты ұрлап, тасымалдағаны, оны сатқаны және сатып алғаны үшін айыпталуда. 

Еске салайық, сотталушы Абылай Балғынбай биылғы қаңтарда әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп күдікке ілінген еді. Артынша Алматыда бой тасалап жүрген жерінен қолға түскен. Сыбайлас топ әскери бөлімнен 29 автомат, 28 тапанша мен 500-дей оқ-дәріні ұрлап сатты деп айыпталып жатыр. 

Асылбек Темірбек, ҚР Бас әскери прокуратурасының прокуроры:

- Қылмыс пен құқықбұзушылықты жасағанда айырықша белсенді рөл атқаруы, өзің берген серті немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасау тергеу барысында анықталған. Қорыта келе сотталушы Абылай Балғынбай Бағдатұлын түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандғынан айыруды сұраймын.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу