Ресейдің Омбы облысында 32 ауданның 17-cінде құс тұмауы анықталып, елді мекендер карантинге жабылуда. Өңірден меншікті тілшіміз Индира Бегайдар байланысқа шығып, баяндайды.
Индира Бегайдар, тілші:
- Мен қазір карантинге жабылған Ертіс ауылында тұрмын. Мұнда құс тұмауы үш ай бұрын анықталған, содан бері құстың көзі түгел жойылды. Омбы облысының 60 пайызын жұмыртқамен қамтамасыз етіп отырған Ертіс құс фабрикасы да жабылып қалды. Мұнда шамамен 700-800 адам жұмыссыз қалды.
Кирилл Малюга, ауыл тұрғыны:
- Ауылдағы бір тұрғын үйіндегі барлық құсын туысының үйіне апарған. Содан бәрі сол жерде қырыла бастаған. Басында құс тұмауы барына сенбеп едік, әдейі жасалып отыр ма деп, бірақ кейін опық жеп қалдық. Ұлымның тауықтары да қырылып қалды.
Индира Бегайдар, тілші:
- Тұрғындардың мәліметінше жұмыртқа бірден 70-80 пайызға қымбаттаған. Ал мамандар әзірге құс еті мен жұмыртқаны жемеуге кеңес береді. Ауыл тұрғындары болса, жойылған құс үшін өтемақы талап етуде. Жалпы Ресейдің Қорған, Саратов, Челябі облыстарында да құс тұмауы өршіп тұр.
Индира Бегайдар