Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды мақұлдады

23.09.2020
Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды мақұлдады

Мәжілісте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың құқықтық тетіктерін ретке келтіру, құқық бұзушылардың зорлық-зомбылық және агрессиялық мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық жағынан түзету бағдарламасынан өту арқылы құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіру жөнінде шаралар енгізу, уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреттерін нақтылау ескерілген.

Сондай-ақ құжатта зардап шеккендердің құқықтары мен қауіпсіздік кепілдіктерін бекіту, осы саладағы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылау мәселелерін реттеу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпаратты, статистикалық деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды көздейтін статистикалық мониторинг енгізу, зардап шеккендердің қорғалуға, әлеуметтік көмекке және басқаларға құқықтарын бекіту ұсынылады.

Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеге шамамен 200 түзету келіп түсті, олардың ішінде 126 түзету қабылданды.

Хабарламаларға жазылу