Ақмолалық дәрігерлер коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалық дәрігерлер коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

23.09.2020

Ақмола облысында короновирус инфекциясынан 68 науқас емделуде. Олар Көкшетау және Степногорск қалаларындағы ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Өңірде ауруды жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 1-2 адам. Дегенмен мамандар босаңсуға болмайды дейді. Сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. 

Облыста індеттің екінші толқынына дайындық аясында жасанды тыныс алу құрылғылары алынуда. Қазіргі уақытта аймақтағы денсаулық сақтау мекемелерінде осындай 400-ден астам жабдық бар. Алдағы уақытта тағы 60-сы алынбақ. Дәрігерлерге арналған қорғаныс киімдерінің жарты жылдық қоры бар. Дәрі-дәрмек те жеткілікті. Препараттар алу үшін облыс бюджетінен қосымша 166 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ Көкшетауда жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр.  

Сүлен Ілиясов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұл аурухана құрылысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қаржы бөлінді. Ғимараттардың қабырғалары тұрғызылды. Қазір төбесін жауып жатыр. Қазан айында тапсыру керекпіз. Аурухана жанынан дәрігерлерге 40 пәтерлі баспана салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленуде.   

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу