Ұлыбританияда коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді.
Енді қызметкерлер қайтадан қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысып, тойларда 15 адамнан артық бас қосуға, стациондарда көрермендердің жиналуына тыйым салынды. Кафе-барлар кешкі 22.00-де жабылуы тиіс.
Ел премьер-министрі Борис Джонсонның хабарлауынша, мұндай ережелер жарты жылға дейін сақталуы мүмкін. Соңғы апталарда Біріккен Корольдікте «COVID-19 науқастарының саны күрт өскен. Инфекция тәулігіне 5 мыңдай адамнан анықталады. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 406 мыңнан асып, 42 мыңдай адам қайтыс болды.
Жансая Қапасқызы