Алматы облысындағы шатыры құлаған спорт кешеніне қатысты зерттеу қорытындысы 3 аптада белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы шатыры құлаған спорт кешеніне қатысты зерттеу қорытындысы 3 аптада белгілі болады

23.09.2020

Алматы облысы Шонжы ауылында шатыры құлаған спорт кешеніне қатысты зерттеу қорытындысы алдағы 3 аптада белгілі болады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары хабарлады. Комиссия өкілдері алдымен оқыс оқиғаның себебін анықтап, кейін шығын көлемін есептейді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын Ұйғыр ауданының орталығында 1 миллиард теңгеден астам қаржыға салынып жатқан спорт нысанының шатыры опырылып түскен болатын. 180 бала жаттығады деп жоспарланған кешен келер жылы қаңтар айында қолданысқа берілуі тиіс еді. Дегенмен, жауаптылар құрылыс уәде еткендей жыл аяғына дейін аяқталады деп отыр.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу